Сипаттама
Сипаттама
Бұл жеңіл әрі нәзік орамал 96% табиғи жібектен жасалған.
Әрбір жиегі қолмен өңделіп, ерекше жұмсақтық пен талғампаздық береді.
“Kıiz úı” атауы қазақ халқының дәстүрлі киіз үйін еске салады, ол – жылулықтың, тыныштық пен бірліктің нышаны.
Бұл орамал ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіріп, кез келген образды айшықтай түседі.
Әрбір орамал - өнер мен музыканың және ұлттық мәдениеттің тоғысы.
Ұлы Даланың ою-өрнектері мен рәміздерінен шабыт алған бұл орамалдар дәстүр рухын заманауи бейнеде жеткізеді.
Бұл – жай ғана аксессуар емес, өз болмысың мен түп тамырыңа деген құрметтің белгісі. Ол жеңіл, нәзік әрі мағынаға толы.
